Ұлытау облысында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы брифинг өтті

Ұлытау облысында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы брифинг өтті

Ұлытау  облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг спикері болып Ұлытау облысының ТЖ Департаментінің бастығы полковник Есен Байыров сөз сөйледі.              

Брифинг барысында Департамент басшысының  айтуынша, өрт қауіпті кезеңде ТЖ Департаменті тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты мониторинг жүргізеді, сондай-ақ профилактикалық, рейдтік іс-шаралар, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың басынан бері Ұлытау облысының аумағында барлығы 133 өрт тіркелді. Өрт кезінде 7 адам қаза тапты, 1 адам жарақат алды.                        

Өрттердің ең көп саны тұрғын үйлерде – 91 өрт және  24 өрт автокөліктерде  тіркелген.                            2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу жоспарына сәйкес биылғы жылы өрттер мен көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүргізілуде.                                                                 

Атаулы өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша пешпен жылытылатын 424 жеке тұрғын үйде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының (көп балалы және аз қамтылған отбасы, жалғыз басты мүгедектер және зейнеткерлік жастағы адамдар) тұрғын үй тізімдері қалыптастырылды.                            

Облыс аумағында «тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының» бірінші кезеңі 2023 жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өткізілуде. Айлық шеңберінде азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық 218 үйіне өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті көмектер көрсетті. Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт болған жағдайда іс-қимылдар туралы нұсқаулар өткізілді.                                                   

Өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер адамдар көп жиналатын объектілерде (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халық банкінің бөлімшелерінде, «Мечта» СҮ, «Sulpak» СҮ),оқу орындарында, қалаларда орнатылған мониторларда таратылады.

Үйіңіздегі өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте сақтаңыз және орындаңыз:

- жылыту құрылғыларын пайдаланған кезде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;

-  электр жылыту құрылғыларын жанатын заттардың жанына қоймаңыз;

-  жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы кезінде әр үш ай сайын мұржаларды күйеден тазартуды ұмытпаңыз;

- электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір уақытта электр желісіне қосуға жол бермеңіз;

- барлық электр құрылғыларының жарамдылығын қадағалаңыз;

- пәтерде газдың иісі болған кезде электр жарығын қосуға, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға жол бермеңіз;

- газ плитасы жанып, камин, пеш немесе электр құрылғылары жанған кезде балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;

Өрт немесе түтін болған жағдайда өрт сөндіру бөліміне нақты мекенжайды көрсете отырып, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі