2023 жылы 14 қыркүйек күні «Jetisymedia» ақпараттық аланында «2023 жылғы шомылу маусымының аяқталу туралы» такырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс баскармасының бастығы подполковник Разакулов Ералы сөз сөйледі. Брифинг барысында биылғы шомылу маусымының қорытындылары айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Биыл шомылу маусымы кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен, Ұзынағаш ауылының №28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізді.
Күшейтілген күн сайынғы рейдтйк шараларды жүргізу нәтижесінде жылдын басынан суда батқандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 7 (25%) жағдайға азайғаны көрінеді, соның ішінде балалардың саны 5 жағдайға немесе 29% төмендеді. Сонымен қатар құтқарылғандардың саны 69% немесе 55 құтқарылғанға арта түсті. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412 бабы бойынша 54 жеке тұлға әкімшілік жауапкершлікке тартылды.
Адамдардың өлімінің негізгі себептері ол шомылу үшін белгіленбеген (тыйым салынған) жерлерде шомылу болды. Аудандарда коммуналдық және жеке жағажайлардың болмауына байланысты шомылу үшін белгіленбеген жерлерде демалатын адамдардың саны артты, бұл өз кезегінде қайғылы фактілерге әкелді.
Біздің аудандағы суда батқан 18 адамның 10 басқа өңірлердің өкілдері екенін айта кету керек. Оның ішінде Алматы қаласының тұрғындары – 6 адам, Монғолия Республикасының тұрғындары – 1 адам, Жетісу облысынан – 1 адам, Қарағанды облысынан -1 адам және Шымкент қаласынан – 1 адам қаза тапты.
Жедел ден қою және суда адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін Департаменттің құтқару бөлімшелерінің қосымша 6 мобильді бекеті (Қонаев қ.), жергілікті атқарушы органдардан су айдындары мен дүлей жағажайларға шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде 3 мобильді бекет кезекшілік ұйымдастырылды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстың су қоймаларының бойында күн сайын профилактикалық рейдтер жүргізді, бірақ төтенше жағдайға себеп болатын ең маңызды фактор - көбінесе өз күшін асыра бағалайтын және қауіптің деңгейін төмендететін адамның өзі, - деп атап өтті спикер.
Брифинг соңында спикер шомылу маусымы аяқталғанмен, балық аулау және су айдындарындағы өзге де іс-шаралар кезінде азаматтарды барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі