Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды кезең ретінде өртті зерттеу процедурасы

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды кезең ретінде өртті зерттеу процедурасы

2023 жылғы 12 қыркүйекте Өртке қарсы қызмет комитеті ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің зерттеу сынақ өрт зертханаларының қызметкерлері үшін дәріс сабағын ұйымдастырды.

Сабақты М. Ғабдуллин атындағы АҚА Өрттің алдын алу кафедрасының профессоры азаматтық қорғау подполковнигі П.В. Максимов өткізді. Сабақтың тақырыбы – «Өрт орнын зерттеудің құқықтық негіздері мен ерекшеліктері».

Аталған іс-шара өртті зерттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Профессор Максимов өрттерді зерттеу өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және жаңа өрттердің пайда болуын болдырмаудағы маңызды кезең екенін түсіндірді, өрттің себептерін анықтауда және оларды жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуде зерттеулерді дұрыс, кәсіби және уақтылы жүргізудің
маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сабақ аясында өрттерді зерттеу саласындағы заңнамаға байланысты өзекті мәселелер және әртүрлі жағдайларда зерттеулерді жүргізу ерекшеліктері қарастырылды.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті