ТЖМ-ның «Жартас қала – Астана» полигоны

ТЖМ-ның «Жартас қала – Астана»  полигоны

ТЖМ-ның «Жартас қала – Астана» оқу-жаттығу полигоны Алматы облысындағы Тамғалы тас шатқалында орналасқан. Мұнда жыл сайын көпсайыс құтқару жарыстары өткізіледі.

«Жартас қала – Астана» оқу-жаттығу полигоны құтқару жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуге бейімделген. Мұнда 20 мыңнан астам құтқарушы қайта даярлаудан өтті, сүңгуірлер, альпинистер, кинологтар, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары біліктіліктерін арттырып, құтқару авиациясы ұшу дағдыларын  жетілдіреді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарында «Қазқұтқару» құтқару оқу-жаттығуларына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаттары және халықаралық ұйымдар – НАТО, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Еуроодақ елдерінің өкілдері қатысты.

«Қазқұтқару» құтқару ісінде маңызды шаралардың біріне айналды. Жарыстарда құтқарушылар адам өмірін құтқару бойынша өз дағдылары мен шеберліктерін шыңдап, практикалық тәжірибемен алмасады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі