
Оқушылар ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағына барып қайтты. Танымдық экскурсиядан кейін ұлдар мен қыздар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерімен және өрт сөндіруге қатысатын техникамен танысты, ал құтқарушылар өз кезегінде балаларға өрт сөндіру ережелері бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Алдымен құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда өрттің қаншалықты тез таралатынын, содан кейін өрттің үлкен аумақты қамтуына жол бермеу үшін бірінші кезеңде қалай әрекет ету керектігін көрсетті. Оқушыларға су, құм арқылы өртті сөндіру ережелерін көрсетіп, өрт сөндіргішті қолдануды үйретті.
Содан кейін ШҚО ТЖД қызметкерлері түтін басқан үй-жайда қауіпсіз орынды қалай табуға болатынын және құтқарушылар келгенге дейін не істеу керектігін айтты. Оқушылармен бірге олар телефон арқылы "112" қызметін шақырып, мекенжайы мен өрт шыққан жерді қалай атауға болатынын іс жүзінде «жаттығып көрді».
Сондай-ақ оқушыларға өрт басталған ғимараттан қалай эвакуациялануға болатынын көрсетіп, тыныс алу мүшелерін не үшін жабу қажеттігі түсіндірілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі