2023 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу–жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2023» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарыстардың салтанатты ашылуы өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың басшылығымен өтеді.
Жарысқа түркі мемлекеттері ұйымының құтқару бөлімшелері, яғни Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және байқаушы мемлекет Венгрия қатысады.
Құтқарушылардың жарысы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.
БАҚ өкілдерін 13 қыркүйекте салтанатты ашылуға шақырамыз.
Аккредиттеу және көлікті ұйымдастыру мәселелері бойынша 77013896265 телефонына хабарласыңыз.