
ШҚО «Қазцинк» ЖШС өнеркәсіптік объектілеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан профилактикалық бақылау жүзеге асырылуда. Бұл ірі нысанның барлық өндірістік алаңдары шикізатты карьерлер мен кең орындарында өндіреді. Оны жаңғыртылған байыту фабрикаларында қайта өңдейді.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау өте маңызды. Мамандар объект аумағының жай-күйін және өртке қарсы сумен жабдықтауды, ғимараттар мен құрылыстарға кірме жолдарды, эвакуациялау жолдарын, электр жабдықтарының жарамдылығын, бастапқы өрт
сөндіру құралдарының, өртті анықтау жүйелерінің қажетті санымен қамтамасыз етілуін тексеруге ерекше назар аударды.
Тәжірибе алмасу және қауіпсіздікті тексеру сапасын жақсарту мақсатында профилактикалық бақылау аймаққа келген Өртке қарсы қызмет комитетінің, Қарағанды, Павлодар облыстары ТЖ департаменттерінің және М. Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясының тәжірибелі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілуде. Құзыретті комиссия сонымен қатар кәсіпорынның технологиялық процестерімен егжей-тегжейлі танысты.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті