2023 жылғы 12 қыркүйекте Алматы облысында жойқын жер сілкінісі кезінде іс-қимылдарды дайындау және пысықтау бойынша «Жер-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші қорытынды күні өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелерін пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде апаттық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары, үйінділерді талдау, радиациялық-химиялық заттармен ауаны жұқтыру дәрежесін анықтау үшін барлау жұмыстары сияқты элементтер әзірленді. Зардап шеккен халыққа арналған далалық лагерь де орналастырылды.
Баспанасыз қалған халыққа көмек көрсету үшін жинау-эвакуациялау пункттері, санитарлық ысыраптарды жинау пункттері және қайтарымсыз ысыраптарды жинау пункттері орналастырылды. Зардап шеккендерге арналған пункттерді орналастыру ашық алаңдарда, сондай-ақ оқу орындарының, балабақшалар мен ауруханалардың сейсмикалық күшейтілген ғимараттарында көзделген.
Оқу-жаттығуларға басшылық ету штабы облыстық құлақтандыру жүйесін іске қосып, бүкіл облыс аумағында сейсмикалық жаттығулар өткізу туралы нұсқаулар берді.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларында меншік нысанына қарамастан азаматтық қорғауды хабарлау жүйесін іске қосу кезінде барлық мекемелерде облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Облыс аумағында жер сілкіністерінің салдарын жоюға облыстың азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық аумақтық кіші жүйесі жұмылдырылған. Сондай-ақ ТЖ аймағына күштер топтарын ұсынуды ұйымдастыру пысықталды. Алматы облысында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ТЖ орнына еліміздің басқа өңірлерінен күштер мен құралдар жіберілетін болады.
Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, Азаматтық қорғау қызметтері және ҚР ТЖМ бөлімшелері қатысты.
Қонаев қаласында өткен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларына жеке құрамның 98 адамы және инженерлік және арнайы техниканың 40 бірлігі жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі