Жетісу облысында «Жер-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

Жетісу облысында «Жер-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

2023 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында Жетісу облысының аумағында жойқын жер сілкінісі туындаған кезде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын ТЖ жоюға дайындау мақсатында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Жойқын жер сілкінісі нәтижесінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау». Оқу-жаттығу өтетін орын Текелі қаласы болып белгіленді.

Оқу-жаттығу шеңберінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді және мынадай элементтер пысықталды: авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары, үйінділерді талдау, радиациялық-химиялық заттармен ауаны жұқтыру дәрежесін анықтау үшін барлау жұмыстары. Зардап шеккен халыққа арналған далалық лагерь де орналастырылды.

Баспанасыз қалған халыққа көмек көрсету үшін жинау-эвакуациялау пункттері, санитарлық ысыраптарды жинау пункттері және қайтарымсыз ысыраптарды жинау пункттері орналастырылды. Зардап шеккендерге арналған пункттерді орналастыру ашық алаңдарда, сондай-ақ оқу орындарының, балабақшалар мен ауруханалардың сейсмикалық күшейтілген ғимараттарында көзделген.

Оқу-жаттығуларға басшылық ету штабы бүкіл облыс аумағында сейсмикалық жаттығуларды өткізу және хабарлаудың облыстық жүйесін іске қосу туралы айқындады.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында меншік нысанына қарамастан азаматтық қорғауды хабарлау жүйелерін іске қосу кезінде барлық мекемелер облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізді.

Облыс аумағында жер сілкіністерінің салдарын жоюға облыстың азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық аумақтық кіші жүйесі жұмылдырылған.

Текелі қаласының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларына жеке құрамның 315 адамы және инженерлік және арнайы техниканың 77 бірлігі жұмылдырылды, ал облыс бойынша жалпы 874 адам және инженерлік және арнайы техниканың 164 бірлігі қатысты.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі