Алматы облысында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Алматы облысында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

2023 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында Алматы облысында «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға облыстық Азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығуға аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары– әкімдіктер, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, аудандық (қалалық) азаматтық қорғау қызметтері қатысады;

Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты бірінші кезекте Алматы облысының Қонаев қаласында болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін және қабілетін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында жергілікті атқарушы органдардың басқару органдарының авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу кезінде бағынысты күштер мен құралдарды басқарудағы ұйымдастырушылық және практикалық қызметі мәселелері пысықталады, төтенше жағдайларды жою, зардап шеккен халықты эвакуациялау жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, жер сілкінісі туындаған кезде материалдық құндылықтарды нақтылау және түзету жүргізіледі.

Оқу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығынан» жойқын жер сілкінісі қаупі туралы мәліметтер алынды. Осы болжам негізінде басшылық штабы халықты хабардар ету, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияларды жинау туралы шешім қабылдады. Әскери бөлімдер, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды орындауға дайын, тұрақты орналасқан пункттерде болады. Қазақстан Республикасының аумағында дүлей зілзалалардың салдарын жою үшін өзара іс-қимыл жоспары бойынша тартылатын ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қарулы Күштерінің басқару органдары, құрамалары мен бөлімдері және ҚР ҰҚК Шекара қызметі тұрақты орналасқан пункттерде болады және жедел, жауынгерлік даярлықтың жоспарлы іс-шараларын орындайды.

Шартты жер сілкінісі туындағаннан кейінгі екінші кезеңде Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау аудандарындағы жағдайды барлау мен нақтылауды жүргізеді. Жер сілкінісінің зардаптарын жою, Қарулы Күштер бөлімшелерінің, ақ әскери бөлімдері мен ТЖД күштерінің, құрылымдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарының тәртібі мен көлемі, күштер тобының іс-қимылдарын тылдық және техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру айқындалатын болады.

Әрекет ету жоспары бойынша авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізілетін болады. Жедел штаб пен жылжымалы басқару пункттері орналастырылды. Күштер тобының іс-қимылдарын тылдық және техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі мәселелер, сондай-ақ зардап шеккен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар: халықты медициналық және эпидемияға қарсы қамтамасыз ету; зардап шеккен халықты орналастыру және эвакуациялау; зардап шеккен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, оның ішінде тамақтануды ұйымдастыру, азық-түлікпен, сумен және бірінші кезекте қажетті заттармен жабдықтау пысықталуда; зардап шеккен халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету; халықты моральдық-психологиялық қолдау мәселелері; қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру.

Оқу-жаттығуға жеке құрамның 500-ден астам адамы және 89 бірлік техника жұмылдырылды.

«Жер-2023» оқу-жаттығу қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізіледі, құтқару бөлімшелерінің жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығына баға беріледі, төтенше қызметтер қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі