Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

Маңғыстау облысының ТЖ департаментімен Ақтау қаласындағы биік ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты адамдар көп шоғырланатын ғимараттарда өртті болдырмау және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру болып табылады.

Барлығына мәлім, 2023 жылдың тамыз айында Алматы қаласы, Ақкент ауданында көппәтерлі тұрғын үй кеншенінің бірінде өрт орын алды және өрт сөндірушілерге үй алдында көптеген кедергілер болды.

Өрт сөндірушілердің ең басты мақсаты – оқиға болған жерде өртке жедел ден қою, яғни уақыттан ұтылмай, жауынгерлік қанат жаю және адам өмірін сақтап қалу.

Қазіргі таңда Ақтау қаласы аумағында көпқабатты биік құрылыстар қарқынды жүріп жатыр, бұл өрт қауіпсіздігі саласынан бірқатар тәуекелдер тудырады. Ақтау қаласында биіктігі 28 метрден асатын көпқабатты 82 тұрғын үй кешендері бар.

Осыған сәйкес, басты өзекті мәселе жаңадан салынған ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы болып табылады.

Кемшіліктерге мысал келтіретін болсақ:

  • өрт техникалары мен арнайы техникалардың кіруіне тұрғындардың көліктерінің кедергісі;
  • ғимарат аумағында өрт техникасына арналған арнайы тұрақтармен жабдықталмауы олардың мүлдем қарастырылмауы;
  • ғимарат ішіндегі өрт крандарының, өрт дабыл жүйелерінің жарамсыздығы немесе ақаулығы;
  • ғимараттың өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіз эвакуациялануына арналған арнайы түтінденбейтін баспалдақ торларының болмауы;
  • ғимарат аумағындағы өрт гидранттарының жарамсыздығы;
  • жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтарда газ баллондарымен жабдықталған автокөліктердің тұруы секілді көптеген кемшіліктер кездеседі.

Атап айтқан жөн, 2016 жылдан бастап азаматтық қорғау органдары құрылысы аяқталған ғимараттарды қабылдау комиссиясының құрамынан шығарылған.

Оқу жаттығуға Маңғыстау облысының ТЖД 15 техника және 100-ге жуық өрт сөндірушілер қатысты.