Ақтөбеде көп қабатты тұрғын үйде өрт тактикалық оқу жаттығуы

Ақтөбеде көп қабатты тұрғын үйде өрт тактикалық оқу жаттығуы

Ақтөбе облысы ТЖД көпқабатты тұрғын үй кешендерінде оқу-жаттығулар өткізуді жалғастыруда.

Бүгінгі кезекті оқу жаттығуға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты.

Оқу жаттығу жоспарына сәйкес, 25 қабатты тұрғын үй кешенінің 12 – қабатындағы  пәтер иелері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде құрылыс материалдарының жануы орын алып, пәтерден өрт шығады.

Жұмысшы өрт кезінде бірден пәтерден шығып, есікті ашық қалдырады. Түтін жоғары қабаттарға тарап, 13-ші қабаттағы тұрғын дереу түтінді байқап 101 өрт сөндіру қызметіне хабарлайды.

Шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер 2 дәрежелі шақыртуды растап, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге күштер мен құралдарды бір мезгілде бағыттай отырып, барлау жұмыстарын жүргізді.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды түтін баспайтын баспалдақ маршы, автосаты және  алпинистік жабдық арқылы  адамдарды құтқарып, эвуакациялады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс іс-әрекеттері адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алуға мүмкіндік береді.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарға өздерінің техникалары мен жабдықтарымен таныстырды. Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында ТЖМ бөлімшелері адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға арналған құралдардың қолда бар түрлерін қолдана отырып, биік үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы