
2023 жылғы 6-8 қыркүйекте Әзербайжан Республикасы Баку қаласында Әзербайжан тарапының төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымының «Төтенше жағдайларды басқару» екінші министрлік кездесуі өтті.
Бұл кездесу төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушылардың ынтымақтастығы жөніндегі негізгі тетіктердің бірі болып табылады.
Іс-шараға Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы төтенше ведомстволарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы қатысты.
Қазақстандық тараптың атынан Төтенше жағдайлар министрі
С.Д. Шәріпханов, Дағдарысты жағдайларды басқару орталығының бастығы
А.Қ. Ақпаров, Халықаралық ынтымақтастық департаменті басқармасының басшысы А.А. Кәріпбаев және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы А.Б. Әбдібаева қатысты.
Кездесу барысында делегация басшылары өткен кезеңдегі төтенше ведомстволардың қызметі туралы баяндамалар жасады, ТМҰ Азаматтық қорғау тетігін құрудың жоғары маңыздылығы мен қажеттілігін растады және ТМҰ Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім жобасының ережелерін соңғы талқылауды өткізді, ТМҰ шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты және «Төтенше жағдайларды басқару» екінші министрлік кездесу декларациясына қол қойды.
Осы кездесу аясында «Баку-2023» халықаралық оқу-жаттығуы өткізілді, оған 11 құтқарушыдан тұратын қазақстандық құтқару жасағы, оның ішінде
1 кинологиялық есеп қатысты. Оқу-жаттығу аяқталғаннан соң министр біздің қазақстандық құтқарушыларымызға іздеу-құтқару жұмыстарын жақсы орындағандары үшін алғысын білдірді.
Іргелес мемлекеттердің ұлттық теңіз авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін зерделеу мақсатында екіжақты форматта ҚР ТЖМ Дағдарыстық жағдайлардағы басқару орталығының бастығы А.Қ. Ақпаров ӘР ТЖМ Каспий бассейндік авариялық-құтқару қызметінің бастығы Ф.Р. Багировпен кездесті.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
С.Д. Шәріпханов Әзербайжан Республикасының ТЖ Министрі К.Ф. Гейдаровпен ТМҰ-ның Бас хатшысы К.К. Омуралиевпен екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ делегация Әзербайжан ТЖМ, ДЖБО және Әзербайжан ТЖМ Академиясына барды.
ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті