2023 жылдың 6 қыркүйегінде Азаматтық қорғау академиясына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Асхат Оразхан келді.
Департамент бастығы Академияның материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында оқу кабинеттері, зертханалар, мұражай көрсетіліп, практикалық оқытуға арналған арнайы техника мен жабдықтар ұсынылды.
Одан әрі Департамент бастығы тұрақты құраммен және 2-4-курс курсанттарымен кездесті. Асхат Оразхан кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндірді, сондай-ақ бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың дербес жауапкершілігін еске салды. Кездесу соңында жеке құрамға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі