Жетісу облысының құтқарушылары мектепте көрме қойылымдарын өткізді

Жетісу облысының құтқарушылары мектепте көрме қойылымдарын өткізді

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері Талдықорған қаласының М.Ломоносов атындағы №5 орта мектебінің оқушылары үшін «Білім күніне» және халықты оқытуға арналған ақпараттық-насихаттық іс-шаралар аясында «Қауіпсіздік сабағы» тақырыбында акция өткізді. Сабақтың мақсаты - балалардың патриотиоттық сезімін ояту, тілсіз жаумен күресу және қауіпсіздік мәдениетін дамыту болып табылады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар осы іс-шара барысында өрт немесе ТЖ кезінде «101» және «112» телефон нөмірлеріне жүгіну қажеттігін атап өтті. Алдымен ғимарат ішінде мұғалімдер балаларды қауіпсіз жерге көшіру дағдыларын көрсетті, құтқарушылармен бірге құтқару және суға батқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету элементтері жүргізілді.

 Өрт сөндірушілер арнайы өрт сөндіру автокөлігімен келді, оларды өрт-техникалық жабдықтармен таныстырып, өрт сөндіру жеңдерін қолдануды және жинауды көрсетті. Ал балалар өз кезегінде өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен құтқарушылар көмекке келетін құралдарға қызығушылық танытты. Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерімен бірге өрт сөндірушілер киім формасының элементтерін қуана сынап көрді. Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар таратылды.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі