
2023 жылғы 7 қыркүйекте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушысы генерал–майор Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына ТЖД бастығының жаңа орынбасарын таныстырды.
Министрдің бұйрығымен аталған лауазымға бұл уақытқа дейін ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын мемлекеттік бақылау басқармасы бастығының лауазымын атқарған Айтеев Асан Сейтқасымұлы тағайындалды.
Асан Айтеев Ақмола облысы Көкшетау қаласының тумасы, Қазақстан Республикасы ТЖ агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2016 жылы Ресей мемлекетіндегі ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының магистратурасын бітірді.
Азаматтық қорғау органдарында 1997 жылдан бастап ҚР ТЖМ жоғарғы оқу орыны, қазіргі уақыттағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының алғашқы түлектерінің бірі.
Еңбек жолын 2001 жылы Ақмола облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы болып бастаған.
2002-2020 жылдары ТЖМ Көкшетау техникалық институтында командалық және профессорлық - оқытушылық құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарды.
2021 жылы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінде қызметін жалғастырып, онда 2022 жылы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
Алматы қаласыТЖД баспасөз қызметі