ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына қоян-қолтық ұрыстан турнир

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына қоян-қолтық ұрыстан турнир

2023 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайының базасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына еліміздің күш құрылымдарының командалары арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті. Жарысқа 7 команда қатысты: МКҚ, ҰҚК, ІІМ, Қорғанысмині, ҚМА, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ТЖМ.

Табанды күресте ТЖМ құрама командасының 3 мүшесі қола жүлдегер атанып, медаль, грамота және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Сонымен, III орын алды:

57 кг. салмақ дәрежесінде – Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ 15-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Нұркеев Мұхамедрахим Мұхсинұлы.

62 кг. салмақ дәрежесінде – Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ 2-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау капитаны кіші сержанты Қожахметов Жақсылық Рүстемұлы.

67 кг. салмақ дәрежесінде – Шығыс Қазақстан облысы ТЖД  «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ 9-ӨСБ жүргізушісі азаматтық қорғау капитаны сержанты Сақабанов Ерзат Ермекұлы.

ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті