Найзағай разрядтарына байланысты орманды дала өрттерінің пайда болу мәселелері талқыланды

Найзағай разрядтарына байланысты орманды дала өрттерінің пайда болу мәселелері талқыланды

Өткен кезеңде Ақмола облысының аумағында 104 орман және 6 дала өрті орын алды. Олардың 61-і найзағай түсуіне байланысты болды. Мұндай олқылықтарды шешу үшін Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың басшылығымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Кеңеске ұлттық саябақтардың, оқу-білім беру мекемелерінің және ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, сондай-ақ орманды-дала алқаптарында найзағай разрядтарының пайда болуын зерделеу жөніндегі басқа да мүдделі органдар қатысты.

Семинар-кеңес барысында облыс аумағында орман өрттерінің туындауына ықпал ететін себептердің талдаулары және осы саладағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Ақмола облысының орман алқаптарындағы өрттерді және найзағай разрядтарының шығу себебін ғылыми тұрғыдан зерделеу, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.

Айта кету керек, Төтенше жағдайлар департаментінің және ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары тұрақты дайындықта. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында өрттердің пайда болуын болдырмау үшін бейнероликтер таратылып, орманды дала және саяжай алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру үгіт-профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі