2023 жылы 4 қыркүйек күні Жезқазған – Есіл - Петропавлск республикалық тасжолының 240 шақырымында Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Түркия Республикасының азаматы «Scania» маркалы жүк көлігімен жолда қалып қойған.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған түрік азаматын трактордың көмегімен жолдан шығуға көмектескен. Түрік азаматына медициналық көмек қажет болмады.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі