Көкшетау қаласының №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің басынан қызықты оқиға өтті. Тұрғын үй кешенінде өткен кезекті өрт-тактикалық сабақтардан (жаттығулардан) кейін өрт сөндірушілер өрт-техникалық жабдықтарын жинап, жұмыс орындарына бармақшы болған. Сол мезетте оларға жасы үлкен әжей келіп, өз батасын бермекші болады. Қызметкерлер оның ұсынысын қуана қабылдайды. Зейнеткер өрт сөндірушілерге денсаулық, бақыт тілеп, әрқашан адамдарды өрттен аман алып қалып, үйлеріне тірі және сау оралуларын тіледі.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, бұндай алғыс сөздер оларға жиі айтылады. Өз кезегінде өрт сөндірушілер әжеге алғыстарын айтып, оның үмітін ақтауға уәде берді.
Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі