Ұлытау облысы Жезқазған қаласы әкімінің Алғашқы жастар сыйлығының иегері ТЖД жас қызметкері атанды

Ұлытау облысы Жезқазған қаласы әкімінің Алғашқы жастар сыйлығының иегері ТЖД жас қызметкері атанды

Алғаш рет қала күні қарсаңында Ұлытау облысы Жезқазған қаласы әкімінің «Ұлар» жастар сыйлығы ұйымдастырылды.

Жылдың үздік жас өрт сөндірушісі, жас дәрігері, жас спортшысы, жас журналисті, жас полицей қызметкері, жас мұғалімі, жас отбасы, өндірістің үздік жас қызметкері, жас көшбасшы және жас блогері бойынша 10 номинация қарастырылды.

Конкурс комиссиясының шешімі бойынша жылдың үздік «Жас өрт сөндірушісі» номинациясында Ұлытау облысы ТЖД Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Шайхин Руслан Әміржанұлы үздік шығып, марапатталды.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі