Өскеменде құтқарушылар жануарларға көмекке келді

Өскеменде құтқарушылар жануарларға көмекке келді

Бейімделу кезінде ветеринарлық клиникада болған Марғау қашып кетіп ағашқа жоғары қарай шығып алған екен. Үй жануарларын қорғаушылар кәсіби құтқарушыларды көмекке шақырды. Алдымен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері ағашқа көтерілді, алайда жануарға жету үшін арнайы техниканы қолдануға тура келді.  Марғау 5-ші қабаттың деңгейіне дейін шығып алған болатын. Құтқару операциясы сәтті аяқталды.

«ШҚО ТЖД-ға көмек көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз! Ағашқа биік көтерілген Марғауға көмектесті. Марғаулар жабайы, клиникада бейімделуден өтіп, торды табанымен ашып, терезеден зу етіп қашып кеткен, біреуін ұстап алды, біреуі ағашқа шығып кеткен. Көмек үшін тағы да рахмет!»,- деп түсіндірді Ветеринарлық клиника қызметкерлері.
Екінші шақыру Бажов көшесінен келді, ит құдыққа құлаған. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жануарларды аулауға арналған ілмектің көмегімен төрт аяқтыны «тұтқыннан» шығарды.

Жыл басынан бері ШҚО ТЖД құтқарушылары 30 ит пен 18 Мысыққа көмек көрсетті. Ведомствоның мәліметінше, мысықтар иттерге қарағанда жиі кездеседі. Олар ғимараттардың құрылымдарына жабысып қалады, ағаштардан түсе алмайды. Иттер көбінесе ашық люктерге, құдықтарға, шұңқырларға түседі. Бірақ барлық төртаяқтылар плиталардың астына түсу қаупі бар. Төтенше жағдайда жануарлармен 112 нөміріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі