
2023 жылғы 4-6 қыркүйекте Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Беларусь тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің (ҰҚШҰ ТЖҮК) XIV отырысы өтіп жатыр.
Бұл Кеңес ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі негізгі тетіктердің бірі болып табылады.
Іс-шараға Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы Төтенше ведомстволарының, сондай-ақ ҰҚШҰ Хатшылығының басшылары мен өкілдері қатысты.
Қазақстандық тараптың атынан Төтенше жағдайлар министрі
С.Д. Шәріпханов және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
А.С. Григорян қатысты.
Осы отырыс шеңберінде «Жартас-2023» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдардың бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулар өткізілді, оларға ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да қатысты. Оқу-жаттығу барысында қираған ғимараттарда және теміржол апаты кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша тактикалық тапсырмалар пысықталды.
«ATOMTEX» компаниясында сабақтар өткізілді, онда құтқарушыларға аса қауіпті объектілердегі авариялар кезіндегі радиациялық және химиялық қорғаныс бойынша дәріс оқылды, содан кейін қолда бар құрылғылармен танысты. Әртүрлі елдерден келген құтқарушылар арасында спорттық іс-шаралар (футбол, волейбол және теннис) өткізілді.
Отырыс барысында тараптар табиғи және техногендік харатердің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, ҰҚШҰ ТЖҮК-ның 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.
Қазақстандық делегация сондай-ақ Тіршілік қауіпсіздігі білім беру орталығында, Республикалық төтенше жағдайларды басқару және ден қою орталығында болып, Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау Университетінің «Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының» қызметімен және Беларусь Республикасы ТЖМ Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар мәселелері ғылыми-зерттеу институтының Сынақ зерттеу полигонының мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
С.Д. Шәріпханов Беларусь Республикасының ТЖ министрі В.И. Синявскиймен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша екіжақты кездесу өткізді.
ҰҚШҰ ТЖҮК-ға 2024 жылға төрағалық ету Қазақстан тарапына берілді.
ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті