Жамбыл облысы Майтөбе ауылында өрт бекеті құрылды

Жамбыл облысы Майтөбе ауылында өрт бекеті құрылды

Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 25 км қашықтықта орналасқан Майтөбе ауылында өрт сөндіру бекетін құру қажеттілігі 2022 жылы туындады. Ауылдық және аудандық әкімшіліктер деңгейінде мәселені шешудің әртүрлі нұсқалары қарастырылды. 

Аудан бюджетін ескере отырып, Талас ауданының әкімімен келісім бойынша 2023 жылы Майтөбе ауылында өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру жоспары әзірленіп, облыс әкімінің бірінші орынбасары бекітілді.

Аталған бекет алты штаттық қызметкерлермен жасақталған, оның ішінде 3 жүргізуші және 3 өрт сөндіруші. Өрт сөндіру бекеті Берікқара ауылдық округінің мекемесінің  ғимаратында орналасқан, онда демалу бөлмесі, телефон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар.

Облыстық ТЖД бастамасымен ҚР Қаржымині Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес өрт сөндіру бекетін құру үшін «ӨСжАҚЖҚ» ММ жарамды өрт сөндіру техникасы Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімдігі аппаратының теңгеріміне берілді.

Осы процедуралар аяқталған соң және елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіне отырып, 2023 жылдың 4 қыркүйегінде Талас ауданы Майтөбе ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу іс-шараларына Талас ауданы әкімінің орынбасары Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы, Берікқара ауылдық округі әкімі Ербол Смайлов, Жамбыл облысы ТЖ департаментінің Талас ауданы ТЖ бөлімі мен ӨСБ қызметкерлері, сондай-ақ Майтөбе ауылының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы өртке шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, халыққа көмек көрсетеді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады.

Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 20 шақырым радиуста 2 мыңнан астам тұрғыны бар 2 елді мекен, сондай-ақ Тараз-Қаратау тасжолымен басқа да объектілер орналасқан.

Облыстық ТЖД Талас ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бекеті қызметкерлері бекеттің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен шартты өртті сөндіру бойынша теориалық және практикалық сабақтар өткізді, жаттығулар барысында олардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері, өрт кезінде өрт автокөлігінен су беру және су көздерінен су алу амалдары пысықталды.

Өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі