5 қыркүйек Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы күнге орай Қазақстанда «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі болып бегіленді.
Мерекені атап өту мақсатында Министрліктің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаменті «Мен қазақша сөйлеймін» атты шара ұйымдастырды.
Департамент директоры Гүлнар Ақжолова, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Жанаркүл Шаймерденова, Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Антонина Аканеева құрамында құрылған комиссия орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде Штаб, Төтенше жағдайларды жою, Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменттері мен Өртке қарсы қызмет комитеті қызметкерлерімен амандасып, бүгінгі мерекемен құттықтап, қызметкерлердің көңіл-күйін біліп қайтты.
Мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту үшін мұндай шаралар бір күндік емес күнделікті қызметте өркен жаюы тиіс деген тілегіміз бар.
Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілде сөйлейік.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және
мемлекеттік тілді дамыту департаменті