Жыл сайын суық ауа райы басталып, жылыту маусымы жақындаған сайын өрттің, қаза болудың және жарақаттанудың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізеді, оның шеңберінде Департамент қызметкерлері, еріктілер аулаларды аралауды, рейдтерді жүзеге асырады, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді.
2023 жылдың 15 тамызынан бастап облыс аумағында "тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының" бірінші кезеңі басталды. Бірінші кезеңді өткізу шеңберінде азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, әкімдік қызметкерлерімен, әлеуметтік қорғау және еріктілермен бірлесіп, осы үйлерді өртке қауіпсіз жағдайда өткізу бойынша қажетті көмекті айқындау тұрғысында үйлерді, халықтың әлеуметтік осал топтарын аулалық аралауды жүргізеді. Тұрғындармен тұрмыстық өрт қауіпсіздігі шаралары туралы өрт жағдайының іс-қимылдары туралы нұсқама жүргізіледі. Бұл жұмыспен 1785 адам, 1216 үй қамтылды. Аралау барысында 23 үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 43 бұзылуы анықталды. Пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде бұзушылықтар болған жағдайда иелеріне оларды жою жөнінде ұсынымдар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар табыс етіледі.
Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің тізімін түзетті. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарының 5818 үйі есепке алынды.
Көміртегі тотығымен улану салдарынан адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу үшін үйлері пешпен жылытылатын әлеуметтік тәуекел тобындағы адамдарға атаулы практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылдан бастап барлығы 3542 датчик орнатылды, оның ішінде ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 25 көміртегі тотығы датчигі орнатылды.
Ақпаратты барынша жақсы жеткізу үшін тұрғын үй секторындағы алдын алу іс-шаралары мобильді құлақтандыру кешенінен, сондай-ақ тұрмыстық, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары тақырыбына аудиожазбалардың қызметтік автомобильдерінен трансляциямен сүйемелденеді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады:
- электр жүйесінің жарамдылығын қадағалаңыздар;
- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде ұстаңыздар;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеңіздер, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбаңыздар;
- тек жарамды пештерді пайдалану, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазартыңыздар;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
- пешті қатты қыздырмаңыздар;
- 2 қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыздар.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі