Облыс мектептерінде төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Облыс мектептерінде төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

1 қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиналыстар аясында Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері жазғы демалыстан алтын ұя мектептеріне оралған мектеп оқушыларын және ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, азаматтық қорғау саласына байланысты тақырыптар бойынша түсіндіру сабақтарын өткізді.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлері тәрбие сағаттарына қатысып, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау және балалардың көппәтерлі үйлердің терезелерінен құлаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақ соңында барлық қатысушыларға жадынамалар таратылды.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі