
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері Білім күніне арналған жалпы мектепшілік жиындарға қатысты. Жиыннан кейін оқушылар авариялық-құтқару техникасы мен шұғыл қызметтердің жабдықтарының көрмесімен танысты. Өрт сөндіргіштер, арнайы костюмдер – бұл іс-шараға қатысушылар танысқан құралдардың бір бөлігі ғана. Көрмеде ұсынылған өрт сөндіру техникасын мектеп оқушылары тек сырттан ғана емес, көліктің ішіне отырып та тамашалай алды.
Сонымен қатар, жиын барысында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, жылыту пештері мен электр жабдықтарын дұрыс пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. «Аталмыш іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылар мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ, оқытушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізу болып табылады. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Ақмола облысының ТЖ департаменті Сіздерден өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауларыңызды сұрайды. Өрт туындаған және анықталған жағдайда «101» және «112» телефон нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет, – деп Көкшетау қаласы ТЖБ бастығы Максим Шатковский атап өтті.
Айта кетейік, аталмыш іс-шаралар Ақмола облысының қалалары мен аудандарында да өткізілді.
Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі