Оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру

Оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру

Батыс Қазақстан облысының аумағында барлық білім беру ұйымдарында Батыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері «Оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ашық сабақ аясында түрлі қауіпсіздік тақырыптары бойынша дәрістер, экскурсиялар, спорттық эстафеталар мен ойындар өткізілді.

Сондай - ақ, барлық білім беру ұйымдарына заманауи технологиямен-толықтырылған шындықпен және аудио дыбыспен жабдықталған технологиясы бар төтенше жағдайлар жөніндегі плакаттар таратылды. Бұл технологияны қолдану ақпаратты қабылдауды жақсартып, ұзақ уақыт есте қалады және төтенше жағдайларда жазатайым оқиғалардың алдын алады. Плакаттар келесі тақырыпта мемлекеттік және орыс тілінде «Жер сілкінісі» және «Өрт қауіпсіздігі» таратылды.

Аталған іс-шарада 80 мыңнан астам оқушының қатысуымен 300-ден астам білім беру мектебі қамтылды.

 БҚО ТЖД баспасөз қызметі