
Михаэлис көшесінде жануардың қыңсылаған даусын естіген жүргінші дереу 112 қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлері жертөленің бетон тақтасының арасында қысылып қалған күшікті байқады.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері арнайы құралдар көмегімен жануарға зақым келтірмеу үшін абайлап плитада саңылау жасап, қауіпті аймақтан алып шықты. Құтқарушылардың сөзінше бастапқы кезде күшік қорыққан еді, алайда оған көмекке келгенін ұққан кезде еш қарсылық көрсетпей, жұмысқа кедергі келдірген жоқ. Төртаяқтыны құтқару операциясынан кейін көмекке шакырған адам үйіне алып кетті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі