Өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 2 газ баллонын алып шықты

Өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 2 газ баллонын алып шықты

Өскеменде М. Горький көшесінің бойында шаурма жасау бойынша жеке тұрған дүңгіршекте тамақ пен күнбағыс майы жанып, от жеке заттарға, тұрмыстық техникаға және үй-жайдың ішкі қаптамасына  таралды.

Өртті сөндіру барысында ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері көлемі 27 л болатын 2 газ баллонды алып шықты. өрттің себебі-пеште (фритюрницада) тамақ дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.  Дүңгіршек иесіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлер мен объектілердің иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, жұмысқа жарамды автоматты өрт дабылы болуы керек, персоналға тұрақты негізде нұсқамадан өту керек.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі