Адамдарды судан құтқарғаны үшін

Адамдарды судан құтқарғаны үшін

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде № 9 мектеп-лицейде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті. Осы іс-шарада Қарағанды облысының Теміртау қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрмұхамед Интуев 9-сынып оқушысы Арман Максимовке судан құтқару әрекеті үшін Теміртау қаласы әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Нұрмұхамед Интуев Арман Максимовке 2023 жылдың 1 тамызында жасөспірімді судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, судағы іс-әрекеті мен қаһармандығы үшін алғысын білдірді. Бұл ерлік Арманның адамгершілік, азаматтық қасиеттері бар адам екенін көрсететінін баса айтты.

Теміртау қаласы ТЖ басқармасының бастығы барша оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі