
Меркі ауданының әкімі 2023 жылғы 10 мамырда «Тәтті ауылында өрт сөндіру бекетін құру туралы» қаулыға қол қойды. Аудандық бюджеттен бекетті ұстау үшін қаражат бөлінді. Аталған бекет алты штаттық қызметкерлермен жасақталған, оның ішінде 3 жүргізуші және 3 өрт сөндіруші бар. Өрт сөндіру бекеті Тәтті ауылдық округі, Тәтті ауылы, Асанбай Асқаров көшесі №25 ғимаратында орналасқан, онда демалу бөлмесі, телефон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар.
Облыстық ТЖД бастамасымен ҚР Қаржымині Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес өрт сөндіру бекетін құру үшін «ӨСжАҚЖҚ» ММ жарамды өрт сөндіру техникасы Меркі ауданы Меркі аудандық әкімдігі аппаратының теңгеріміне берілді.
Осы процедуралар аяқталған соң және елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіне отырып, 2023 жылдың 1 қыркүйек күні Меркі ауданы,Тәтті ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу іс-шараларына Тәтті ауылдық округі әкімі Әлметов Талғат Аманқұлұлы, Жамбыл облысы ТЖ департаментінің Меркі ауданы ТЖ бөлімі мен ӨСБ қызметкерлері, сондай-ақ Тәтті ауылының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы жануға шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, халыққа көмек көрсетеді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады.
Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 21 км радиуста 3 мыңнан астам тұрғыны бар 7 елді мекен орналасқан.
Облыстық ТЖД Меркі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері бекетінің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен шартты өртті сөндіру бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді, жаттығулар барысында олардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері, өрт кезінде өрт автокөлігінен су беру және су көздерінен су алу амалдары пысықталды.
Өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады.
Жамбыл облысы ТЖД Меркі ауданы ТЖ бөлімі