Алматыда "ЖЕР-2023" командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық бойынша нұсқаулық жұмыс кеңесі өтті

Алматыда "ЖЕР-2023" командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық бойынша нұсқаулық жұмыс кеңесі өтті

"Жер-2023" командалық - штабтық оқу-жаттығуына сапалы дайындық мақсатында ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Оразалин Кахарман Нұртасұлының төрағалығымен Алматы қаласында орналасқан ТЖМ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өткізілді.
Жұмыс кеңесі барысында департамент бастығы бөлімшелердің дайындығы, далалық жедел штабтардың жұмысын ұйымдастыру туралы баяндамаларды тыңдап, ол азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік жергілікті атқарушы органдары және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері арасындағы өзара іс-қимылды жедел пысықтауды атап өтіп, қатысушылардың алдағы оқу-жаттығудың негізгі міндеттерін мінсіз атқаруына назар аударды.
"Командалық-штабтық оқу-жаттығулардың оқу мәселелерін пысықтау үшін төтенше жағдайларда барынша шынайы күрделі және оқыту жағдай жасалуы тиіс. Сіздердің әрқайсыларыңыз алдағы іс - шараға жауапкершілікпен және жүз пайыз өзінің дайындығы мен кәсібилігін көрсетеді деп сенемін", - деп Қахарман Нұртасұлы атап өтті.
Ол республикалық командалық штабтық жаттығулар сценарийінің маңызды тармақтарын түсіндіріп, оқу-жаттығудың дайындығы мен тиісті деңгейде өткізудің қажеттілігін: сонымен қатар, ауқымды ТЖ кезінде Түркі мемлекеттері ұйымының елдерімен өзара іс-қимылдың мемлекетаралық алгоритмін жетілдіруін атап өтті.

 

ТЖ-ны жою департаменті