«Білім Күнінде» құтқарушылар мектептерде «Қауіпсіздік сабақтарын» өткізді

«Білім Күнінде» құтқарушылар мектептерде «Қауіпсіздік сабақтарын» өткізді

Облыс мектептерінде «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған салтанатты жиналыстар аясында Абай облысы ТЖД және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ қызметкерлері оқушылар мен ұстаздар ұжымдарын мерекелерімен құттықтап, азаматтық қорғау саласына қатысты тақырыптар бойынша көрнекі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, тәжірибе түрінде нұсқаулық-сабақтарын өткізді. Сабақтарда «Мектептегі өрт қауіпсіздігін сақтау», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері», «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыптары кеңінен қамтылды.

Сонымен қатар, Апатттық Медицина Орталығының мамандары  оқушыларға арнайы манекенді пайдалана отыра, төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін үйретті, ал өрт сөндірушілер жасөспірімдерге өрт сөндіру автотехникасының құрал-жабдықтарымен көрінекі түрде таныстырды.

Шара барысында өрт  сөндіру-құтқару техникасы мен құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өрт сөндіруші  киімін киюді және арнайы құралдарды қалай пайдалану керектігі турасында ақпараттар алды. Нұсқау сабақтарына қатысқан оқушылар мен ұстаздар қауымына қауіпсіздік шаралары көрсетілген жадынамалар таратылды.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі