
Шартты өртті жоюға жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының № 4 балқыту цехында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді
Сценарий бойынша №4 балқыту цехында, №43 жуынатын пеште +0 М белгісіне балқытылған метал төгіліп өрт оқиғасы орын алды. Нәтижесінде, + 4,5 м белгісінде кабельдік өнімнің жануы және жоғары температураның әсерінен цехтың көтергіш металл конструкцияларының бұзылу қаупі (цех ғимаратының құлауы) болды. Зардап шеккен екі адам бар, біреуі №44 пеш ауданында және біреуі +10 м белгідегі балконда бұғатталған.
Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі міндеті өрттің осы түрін жою үшін қажетті күштер мен құралдарды есептеуді анықтау, өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер мен объект және объектілік өрт сөндіру командасы қызметкерлерінің іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ су беруді тексеру және объектіні көтергіш сорғыларының жұмысы болды.
Шақыру орнына «№3 шақыру» жоғары дәрежесіне сәйкес азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, Ақтөбе облысы ТЖД «Апаттар медицина орталығы» ММ, өзара іс-қимыл нұсқаулығына сәйкес әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Өртті сөндіру басшысы күштер мен құралдардың болуына қарай жауынгерлік учаскелер құрып, басқарма аппаратының лауазымды адамдарынан өрт сөндіру штабын ұйымдастырады.
Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің негізгі кезеңі тірек конструкцияларын, трансформаторды және кабельдік шахталарды салқындату үшін өрт сөндіру құралдарын үздіксіз беру болып табылады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында трансформатордың жарылуын және № 4 цехтың тірек конструкцияларының деформациясын болдырмауға мүмкіндік туды. Кейін өрт оқшауланып, жойылды.
Оқу-жаттығу барысы бойынша тартылған бөлімшелер мен қызметтерге ескертулер болған жоқ. Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі