1 қыркүйек – Білім Күні тойлануда!

1 қыркүйек – Білім Күні тойлануда!

Біздің мемлекетіміздің барлық аумағында бүгін 1 қыркүйек – Білім Күні тойлануда!

Сонымен қатар, бүгін Білім күнін Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының Білім басқармасының "№1 балабақша мектеп-интернатының арнайы кешені" КММ атап өтуде. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі К. З. Шаймарденов, Кадр саясат  басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.В.Алишев, Департаменттің психологиялық қызмет тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Ж. О. Рушанова жыл сайынғы демеушілік көмек көрсетуге келді.

Салтанатты жиында Департамент бастығының орынбасары азамамттық қорғау  полковнигі  К.З. Шаймарденов құттықтау сөз сөйледі.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқушылар мерекесін тойлау құрметіне және "Мектепке жол" акциясы аясында Павлодар қаласының № 1 Арнайы интернатының тәрбиеленушілеріне, атап айтқанда бірінші сынып оқушыларына кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетті.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі