
Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Арман Тенел және Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасарының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Қабылет Ещановтың қатысуымен «Маңғыстау облысындағы «Газбаллон» жедел –профилактикалық іс-шарасының қорытындысы» тақырыптарында брифинг өтті.
Газбаллон жабдығымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұраққа қою жөніндегі заң нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасы шеңберінде Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Маңғыстау облысының полиция департаментімен бірлесіп «ГАЗБАЛЛОН» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Сонымен қатар, аралас жанармай түрін пайдалану түрі бойынша Маңғыстау облысы 1 орынды алады. Газ мотор жанармайы ретінде аймақта барлық жерде қолданылады. Бүгінгі күні газ баллон жабдығы бар автокөліктер саны өсуде.
2016 жылдың басынан бастап Ақтау қаласының аумағында тұрғын үй кешендеріндегі жерасты паркингтерінің саны 3,5 есеге өсті.
Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлердің паркингтері жалпыүйлік меншікке жатады. Бұл түзету тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау бойынша заңнамалық өзгерістер пакетіне кірген болатын.
Жер асты паркингтерінің көп бөлігі биіктігі 28 метрден асатын көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан.
«ГАЗБАЛЛОН» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері бойынша облыс аумағында келесі іс-шаралар өткізілді:
бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және ресми интернет-ресурстар арқылы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысы туралы халықты кеңінен ақпараттандыру ұйымдастырылды;
паркингтері бар тұрғын үй және басқа ғимараттарға қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды;
автокөлікте газ баллон жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын түсіндіре отырып, көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен 15 жиын (320 адамды қамти отырып) өткізілді;
облыстың Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 60 автогаз құю стацияларының қызметкерлерімен және иелерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді, газ баллон жабдығын қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу бойынша талаптар түсіндірілді.
газ баллон жабдықтарын пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын білу және сақтау тұрғысынан әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Департамент облыс тұрғындарынан азаматтық жауапкершілікті көрсете отырып, жерасты паркингтерінде газ баллон жабдықтары бар автокөліктерді қоймауды сұрайды