
«Мектепке жол-2023» қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің балаларына көмек көрсетті. 110 көпбалалы отбасынан шыққан балалар үшін қажетті кеңсе керек-жарақтары мен рюкзактар сатып алынды.
Балалар ата-аналарымен бірге Алматы қаласы ТЖД-ға шақырылды, онда ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, балалардың ата-аналарының үмітін ақтап, нағыз патриот болып өскенін және ең бастысы – мектептің үздік оқушысы болуын тіледі.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі