Семейде Білім күніне орай балалармен іс-шаралар өтті

Семейде Білім күніне орай балалармен іс-шаралар өтті

Абай облысы ТЖД «Білім күніне» және халықты оқытуға арналған ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес «Егер де біз осал болмауды үйренсек, әлемді қауіпсіз етудің көптеген жолдары бар» ұранымен Абай облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ Семей қаласының өрт-техникалық орталығының мұражайында оқушыларға, әр-түрлі жастағы балаларға экскурсия өтті, спорттық эастафеталар мен ойындар ұйымдастырылды, сүреттер сайыстары өткізілді. Қатысушылар мұражайдың ішінде өрт-құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмелерін тамашалап, танысты.

Іс-шараларды өткізу барысында балалар қызығушылық танытып, таңғалаларлық күйде болды, себебі олар өрт-сөндіруші құтқарушылардың жұмыстағы үлкен жауапкершілігін көріп, таныды.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі