2023 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов құттықтау сөз сөйледі.
Ол Конституция біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі екенін және әлеуметтік – экономикалық саладағы жетістіктеріміздің, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ауқымды реформалардың берік іргетасы екенін атап өтті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, біз әділ мемлекет құрамыз. Біздің басты мақсатымыз - өмір сүру сапасын арттыру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге байланысты Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ведомстволық наградалармен ТЖМ және оның бөлімшелерінің 208 қызметкері марапатталды.
Дәстүр бойынша мереке құрметіне орай құтқарушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. ТЖ министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге байланысты ТЖМ және оның бөлімшелерінің 208 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды. 25 қызметкерге мерзімінен бұрын және одан бір саты жоғары атақ, 6 қызметкерге әскери атақ берілді.
ТЖМ баспасөз қызметі