ШҚО ТЖД білім беру объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып берді

ШҚО ТЖД білім беру объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып берді

ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері білім бөлімдерімен бірлесіп оқу жылына дайындық шеңберінде мектептерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәніне тексеру жүргізді.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов: «Объектілер аумағының, ғимараттарға кірме жолдардың, өртке қарсы сумен жабдықтау, өрт автоматикасы, эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, жарықтандыру және қуаттық электр желісі мен электр жабдықтарының жарамдылығына, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды», - деп атап өтті.

Көбінесе эвакуация жолдарының бөгде заттармен бітелуіне байланысты бұзушылықтар, өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттамадағы кемшіліктер, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санының болмауы кездеседі. Өрт инспекторлары көрсеткен ұсыныстарды мектеп әкімшілігі оқу жылы басталғанға дейін орындауға міндеттенді.

Жыл ішінде облыста тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес 180 білім беру объектісіне тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 742 бұзушылығы анықталды.

ШҚО ТЖД білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы еске салады:

- ұйымдардың басшылары, жауапты тұлғалар түтін шығару жүйелерінің, өртті анықтау мен сөндірудің автоматты қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен эвакуациялауды басқарудың жарамдылығын қамтамасыз ету

- эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, өрт сөндіру құралдарының болуына, персоналды өрт кезіндегі іс-қимылдарға оқытуға ерекше назар аудару

- өртке қарсы сумен жабдықтаудың табиғи және жасанды көздерін, сондай-ақ су алу үшін оларға кіреберістерді үнемі жарамды күйде ұстау

- адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар (мектеп-интернаттар, балалар үйлері) үшін әзірленген өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта адамдарды өз бетінше эвакуациялау, сондай-ақ өз бетінше эвакуациялауға қабілетсіз адамдарды ұйымның персоналы тәуліктің жарық және қараңғы уақытына эвакуациялау нұсқалары қамтылуға тиіс.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі