«Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 432 бұйрығымен азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару қағидаларына кейбір толықтырулар енгізілді.
Қорғаныш құрылысын есептен шығару үшін құжаттама тізбесі мыналармен толықтырылды:
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтермен;
- жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортымен.
Сонымен қатар, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссия құрамы сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның өкілдерімен толықтырылды.
Бұдан басқа, меншік иесі болмаған немесе меншік иесі азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл объект заңда белгіленген тәртіппен иесіз деп танылуға тиіс.
Сондай-ақ, түгендеу жүргізу кезеңдері және азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою үшін негізгі құжаттар айқындалды.
«Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар толық редакциясы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009506).
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті