Академия курсанттары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды

Академия курсанттары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды

2023 жылдың 26 тамызында Академия курсанттары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды. 2021 жылдың дәл осы күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Қайнар ауылы маңындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, жарылыс болды. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Қаза тапқандар арасында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, прокуратура және әскери қызметкерлер бар.

Курсанттар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Академия бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.А. Нұрқанов өз баяндамасында қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар ерлік пен қаһармандық көрсетіп, өз өмірлерін қиып, халықты келе жатқан қауіптен аман алып қалғанын атап өтті.

Шара соңында қаза болған өрт сөндірушілердің құрметіне курсанттар салтанатты саппен жүріп өтті.

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі