ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған ер адамға көмекке келді

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған  ер адамға көмекке келді

 2023 жылғы 26 тамызда Советов шыңынан түсу кезінде досының аяғын жарақаттап алғаны туралы ер адамнан хабарлама түсті. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы сағат 17:25-те көмекке жолға шықты.

Сағат 20.28-де құтқарушылар тобы зардап шеккен адамға жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, көлікке дейін көлденең зембілмен тасымалдауды бастады, төменде Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің бригадасы зардап шеккен адамға көмекке көрсетуге дайын тұрды.

ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тауға шығудың кейбір маңызды ережелерін еске салады: бағытқа жалғыз шықпаңыз, жолдың бірінші бөлігін күннің бірінші жартысында орындаңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңызға жоспарланған қалаға оралу уақытыңыз туралы айтып, ескертіңіздер.

 

 

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі