
2021 жылдың 26 тамыз күні Байзақ ауданында орын алған оқиға орнына, бірінші келгендердің қатарында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің Кезекші өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Александр Николаевич Микропуло болды.
Александр Николаевич Микропуло азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдың мамырынан, ал атқарып отырған лауазымында 2016 жылдың ақпан айынан бері қызмет атқарып келді. Ол азаматтық қорғау органында қызмет атқару барысында бірнеше рет табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою барысында бөлімшелерге басшылық етіп, оның нақты әрі дұрыс шешімінің нәтижесінде төтенше жағдай аймағында қалып қойып, көмек қолын созған бірнеше жанның өмірін арашалады. Міне осындай Александр Микропулоның тікелей қатысуымен орын алған кәсіби шеберлігін айқындай түсетін осындай бір-екі оқиға бойынша аз-кем тоқталып өтсек артықтық етпес.
Сондай-ақ 2017 жылдың 8 қыркүйекте сағат 14.30-да Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне карасты 101 телефон нөміріне мекен-жайы Тараз қаласы, Абай көшесіндегі №133 үйдегі №37 пәтерінде өрт оқиғасының орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Дабыл белгісі бойынша өрт орнына Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесіне сәйкес жоғарғы рангілі шақыру бойынша (БИС-1) өрт сөндіру кезекшілік қызметі өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А.Н.Микропулоның басқаруымен күштер мен құралдар бағытталды.
Шақыру орнына жете салысымен жағдайды анықтау кезінде бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан төрт бөлмелі пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздардың лапылдаған өртке оранғаны, салдарынан заттардан улы иіс бөлініп, аталған подъезде тұратын тұрғындардың өміріне де айтарлықтай қауіп төндіреді. Туындаған жағдайды жылдам әрі дұрыс бағамдап үлгерген А.Н.Микропуло газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жұмысын тез арада ұйымдастыруып, оны өзі басқарып, өрт ошағына өрт сөндіргіш заттарды терезе және балкон ойықтарына қол сатыларды орнату арқылы беру жөнінде бұйрық берген. Көзге түртсе көргісіз қалың түтін тұмшалаған ортада газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жұмысын сауатты басқарған азаматтық қорғау подполковнигі А.Н.Микропуло 4-ші және 5-ші қабаттарда орналасқан пәтерлерге кіріп, үш жас баланы құтқарып, жеке құрамға үлгі болатындай ерлік танытқан. Сонымен қатар төрт тұрғынды қауіпсіз орынға көшірген. А.Микропулоның кәсіби дағды-машықтарының арқасында медициналық көмек көрсету қызметі келгенше құтқарылған балаларға дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсетіліп, психологиялық тұрғыдан да көмек берілген.
Тағы бір айта кететін жайт А.Микропуло өртті сөндіруді сауатты ұйымдастырып, күтер мен құралдарды дұрыс орналастыру нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде сөндіріліп, тілсіз жау көршілес пәтерлерге жайылмаған. Салдарынан үй тұрғындары құтқарылып, материалдық құнды заттар өрттен аман қалып, қауіпсіз орынға көшірілген. Өрттің осындай тиімді әдіспен сөндірілуіне басшылық еткен азаматтық қорғау подполковнигі А.Микропулоның жоғары кәсіби біліктілігі және оған қосымша жасаған дербес ерлігі арқылы қол жеткен еді.
2019 жылғы 27 ақпанда 06 сағат 21 минутта,Тараз қаласы, "Мыңбұлақ" мөлтек ауданы (9) № 62 үй мекен-жайында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйде жарылыс орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дабыл белгісі бойынша Тараз қаласының гарнизонының шығу кестесіне сәйкес жоғары шақырту бойынша (№2 рангалы) тиісті күштер мен құралдар жөнелтілді. Сол күні кезекшілікте, жедел кезекші А.Микропуло да болды, ол жеке құраммен бірге оқиға орнына алғашқылардың бірі болып келді.Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіру жетекшісімен № 3 жоғары шақыру жарияланды. Күрделі жағдайды және тәуліктің қараңғы уақытын, сондай-ақ құрылыс нысанының беріктігін ескере отырып Александр Николаевич, бірнеше бағыттар бойынша бар бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктерін сауатты пайдалана отырып бір уақытта келесі жұмыстарды ұйымдастырды: мысалға жану ошақтарын сөндіру, осы үйдің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа толық көшіру, қиранды ішінен зардап шеккендерді іздеу және шығару. Осылайша, білікті және дұрыс жүргізілген әрекеттердің нәтижесінде апат орын алған үйдің үш тұрғыны құтқарылып, медицина қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды. А.Микропуло сеніп тапсырылған күштер мен құралдарды сауатты басқаруының арқасында 135 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 3 адам құтқарылды.
Александр Николаевичті, көбісі еркелетіп «Николаевич» деп атайтын. Николаевич үшін 2021 жылдың 26 тамыз күнгі кезекшілік соңғы кезекшілік болды, ол оқиға орнында қаза тапты. Ол өте позитивті, мейірімді және жарқын кісі еді. Біздің бөлімшенің барлық жеке құрамы оны күлімсіреп келбетін еске алады.
Александр Николаевичтің артында Саша ұлы қалды, ол өз өмірін өртке қарсы қызметпен міндетті түрде байланыстыратынын айтып отыр.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі