2021 жылдың 26 тамыз күні орын алған оқиға салдарынан, 11 қыркүйек күні, өмірінің соңына дейін күрескен батыр қайтыс болды. Турманов Жанибек - Тараз қаласының №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, өз ісінің шебері, нағыз от жауынгергі, тамаша ұл, керемет жұбайы және екі баланың әкесі. Жәнібек сол күні кезекші қарауыл құрамында болды. Олар оқиға орнына Байзақ ауданына алғашқылардың бірі болып келді. Өзінің «оқпан бойынша доы», әріптесі Дидар Умирзаковпен бірге,өрт автоцестернасынан лафеттік оқпанды беру арқылы сөндіруге кірісті, сол кезде алғашқы жарылыс болған. Дидардың айтуынша, олар Жәнібекпен бірге күтпеген жерден жер бетіне түсті, содан кейін әріптестерін іздей бастады. Д.Умирзаковтын айтуынша, Жанибек әлсіз болды, бірақ олар ештеңеге қарамастан бірге алға шықты. Оларжолай жерден өзге біреулердің каскаларын тауып алып,бастарына киді. Бірақ жарылыстардан олар қайта-қайта ұшып кетті. Содан кейін олар жараланған әріптестерін кездестіріп және окоптакөмек күтті. Жанибек Турманов сол түні Тараз қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Осыдан кейін, бірнеше күннен кейін ол арнайы бортпен Нұр-сұлтан қаласының Травмоталогия және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жіберілді. Біз бәріміз оның тез қалпына келуін күттік, бірақ өкінішке орай, 2021 жылдың 11 қыркүйегінде таңғы 4-те ол қайтыс болды. Біз үшін Жанибек өзінің жарқын күлкісімен есте қалады, біз оны "Джони" деп еркелетіп атайтын едік, әрқайсымызға ол керемет дос болды.Әріптестерінің айтуынша, ол әрқашан өрт сөндіру ісінде бірінші болып, жұмысты жауапкершілікпен орындаған. Оның алдағы болашаққа жоспарлары көп болған, погондардағы жұлдыздарды алғысы келді, ол нағыз офицер болар еді. Өйткені, ол тек осы жылы Санкт-Петербург қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітіген болатын. Ол өзінің азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2013 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонында бастады. Содан кейін 2015 жылы Жамбыл облысына ауыстырылды. Осы 6 жылдық мінсіз қызметі үшін ол 28 марапатқа ие болған.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі