Тараз қаласы маңындағы әскери бөлімдегі жарылыс орын алған өрт оқиғасы кезінде Әліби Бексұлтанұлы Кеңес есімді өрімдей жас жігіт те өмірмен қош айтысты. Әліби азаматтық орғау қызметіне жұмысқа орнаалсқанына да небәрі 5 ай ғана болған еді. Марқұм Әліби жөнінде Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Асхат Кабираевтан сұрағанымызда ол кісі бәр сәт үнсіз қалып, басын шайқап, үлкен өкінішпен: «Әліби ортамызға жаңадан ғана қосылған, сондай тындырымды жігіт еді. Небәрі 5 айдың ішінде ол тек жақсы қырынан көрініп, өзін өте салмақты ұстап, басшылық тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындайтын жауапкершілігі өте жоғары азамат еді» деп жас толы жанарын сүртіп еске алады. Өзге әріптестері де Әліби туралы сұрай қалсаңыз «ол өзге жігіттер секілді емес, әрдайым тапсырған істі бүге-шігесіне дейін орындайтын және алдына үлкен мақсат қойған адам екені бір көргеннен-ақ аңғарылатын еді дейді. Қызметке жаңадан орналасқан Әліби өзге әріптестері секілді отау құрып, өз қолым өзіме жеткен соң, ата-анама көмектессем деген асқақ арманымен небәрі 21 жасында мына өмірден бақилық өмірге кете барды. Иә...Әліби өмірден жай ғана өте шыққан жоқ, өзі секілді қызметке жаңадан орналасқан әріптестеріне үлгі болып кетті. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан жас батыр, елі үшін, Отаны үшін антына адал ұлан ретінде тарихта қалары сөзсіз.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі