
Осыдан тура 2 жыл бұрын, 2021 жылдың 26 тамызында бәрімізді дүр сілкіндірген үлкен қайғылы оқиға болды. Бұл күн біздің өрт сөндіру отбасымызды 10 адамнан айырды. Біздің тату отбасымыз 10 нағыз ер адамнан, өз ісінің кәсіпқойларынан,ұлы ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылды. Олардың әрқайсысы біздің жадымызда қалады. Олар өздерінің қызметтік міндеттерін соңына дейін абыроймен орындап, нағыз батырлар болып қаза тапты.
Азаматтық қорғау полковнигі Меиржан Көпбосынұлы Айманов - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары.
Азаматтық қорғау подполковнигі Александр Николаевич Микропуло – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі.
Азаматтық қорғау майоры Сергей Владимирович Заикин – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы. Азаматтық қорғау органдарында
Азаматтық қорғау сержанты Торебеков Таңірберген Құдайбергенұлы-Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші – құтқарушысы.
Азаматтық қорғау сержанты Турманов Жанибек Джасұзақұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.( Оқиға салдарынан 11 қыркүйек күні қайтыс болды) Азаматтық қорғау аға сержанты Қуатбек Ғафан Жомартұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері. Азаматтық қорғау сержанты Тимирболатов Арнұр Серікұлы– Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Азаматтық қорғау сержанты Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші – құтқарушысы. Азаматтық қорғау кіші сержанты Әділбек Әділет Қанатбекұлы Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Азаматтық қорғау органдарында Азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Кеңес Әліби Бексұлтанұл– Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Бұл өрт сөндірушілердің өміріндегі соңғы кезекшілік болды. Олардың әрқайсысы үйге аман-есен оралады деген сеніммен қызметке кетті. Бірақ өкінішке орай, біздің 48 қызметкеріміз әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ал 10-ы тіпті қаза тапты. 10 қаһарман, 10 өрт сөндіруші, 10 керемет адам енді біздің есімізде мәңгілікте.