№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

         

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу аңызына сәйкес, өрт бірінші қабаттың акт залында өртті абайсызда пайдаланудың салдарынан пайда болды. Ғимарат ішіндегі өрт пен түтін жоғарғы қабаттарына таралуы басталды. Нысан әкімшілігі дереу өрт сөндіру бөлімін шақырады, адамдарды ғимараттан эвакуациялауды ұйымдастырады және басқарады. «101» диспетчері шақыртуды қабылдағаннан кейін № 2 өрт дәрежесі бойынша күштер мен құралдарды өрт орнына жібереді.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің өрт сөндіру буындары ғимаратқа барлау жүргізіп, зардап шеккендерді тауып, эвакуациялауды ұйымдастырып, жеңдер желісін салып, өртті сөндіруге кірісті.

Шартты өртті жоюға Ақтау қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары тартылды - 30 қызметкер және 3 бірлік техника.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес мекеме қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізді.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты өрттерді сөндіру кезінде кәсіби дағдыларды жетілдіру және адамдар көп жиналатын нысандарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, нысанның орналасу ерекшеліктерін зерделеу, тәжірибелік эвакуациялауды пысықтау, өрт туындаған кезде нысанның әкімшілігі мен персоналдың іс-әрекетке дайындығын тексеру, персоналдың тез және нақты шешімдер қабылдауы, сондай-ақ өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде орын алуы мүмкін, қауіпті салдардың алдын алу үшін іс-әрекеттерді орындауға қажетті дағдыларды қалыптастырады. Оқу-жаттығу барысында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды эвакуациялау кезінде өрт сөндіру есептері мен медицина қызметкерлерінің өзара іс-қимылы пысықталды.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы